Қуандық Бишімбаевтың үстінен “адам өлтіру” фактісі бойынша іс қозғалды

Қараша 10, 2023 - 17:06
Қуандық Бишімбаевтың үстінен “адам өлтіру” фактісі бойынша іс қозғалды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үстінен "адам өлтіру" фактісі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Бишімбаев 9 қараша күні Астанадағы өз мейрамханасында әйелін ұрып өлтірді деген күдіпен қолға түскен. 

"Елорданың полиция департаменті Астанадағы мейрамханалардың біріндегі әйел адамның өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1-ші бөлігі бойынша тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр",-деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті. 

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев бұрын Ұлттық экономика министрі, "Бәйтерек" холдингінің басшысы болған. Пара алғаны үшін 10 жылға сотталса да 2019 жылы шартты түрде түрмеден босап шыққан болатын. Бостандыққа шыққан соң өзіне азаматтық қорғаушы болған әйелімен ажырасып, жуырда екінші рет некелескен. Оның қолынан қаза тапқан әйел - сол екінші жұбайы Салтанат Нүкенова. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow