«187 кенші жер бетіне шығарылды»: Костенко атындағы шахтада тағы да апат болды

ТЖМ

Мамыр 2, 2024 - 22:58
Мамыр 2, 2024 - 22:59
«187 кенші жер бетіне шығарылды»: Костенко атындағы шахтада тағы да апат болды

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында тағы да апат бола жаздады. ТЖМ мәліметінше, шахтаның төртінші конвейерлік штрегінен түтін шыққан. Осыған байланысты шахтаның жұмысы тоқтатылып, жұмысшылар жоғары шығарылған. 

"Конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосановтың күшімен алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, от тұтанған аймақ өшірілген. Оқиға туралы шахтер хабарлаған сәтте шахтаның диспетчерлік бөлмесіне түтін туралы хабарлау жүйесі қондырғысынан сигнал келген. Сағат 19:45-те датчиктің сигналына байланысты шахталарда болған 194 кеншіні сыртқа шығару туралы шешім қабылданды. Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша 187 кенші жер бетіне шығарылды. Сондай-ақ учаске басшылары мен бақылаушылар қатарынан 7 қызметкер оқиғаны бақылау және шахтаның тіршілігін қамтамасыз ету үшін сол жерде қалған", - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow