Солтүстік Қазақстанда 13 жастағы қыз ана атанса, тағы бірі жасанды түсік жасатқан
Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер 14 жасанды түсік жасатқан. Оның ішінде 13 жастағы қыз баласын алдырған. Сондай-ақ арасынан 13 жасында ана атанған жасөспірім де табылды, деп хабарлады Петропавлск.news.
Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 15 пен 49 жас аралығындағы 116 мыңнан астам бала көтере алатын әйел тұрады. 2880 әйел жүктілік бойынша диспансерлік есепте тұр. Олардың 52%-ы әртүрлі жыныстық патологиялардан зардап шегеді. Ал 25 әйелге мүлдем бала көтеруге болмайды. Олар дәрігердің қатаң бақылауында.
«Облыста 10 950 жасөспірім қыздың 4%-ы ауыр жыныстық патологиядан зардап шегеді. Барлығы есепте. Біз ерте жүктіліктің қауіпті екенін түсіндіруге баса назар аударамыз. Жастар орталықтарында әңгімелесулер жүргіземіз, тіпті контрацепция құралдарын тегін береміз. Өкінішке қарай, биыл 4 жасөспірім қыз медициналық түсік жасатты», – дейді облыстың денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс акушер-гинекологы Елена Калюжная.
Маманның айтуынша, былтыр жасөспірімдер 14 жасанды түсік жасатқан. Денсаулық сақтау басқармасы білім бөлімімен бірлесе отырып, түрлі профилактикалық іс-шаралар мен сабақтар өткізеді.
Былтыр 13 жастағы қыз да түсік жасатқан. Тағы 13 жасар қыз босаныпты. Олар жасөспірімдер санатына да кірмеген.
Облыста барлығы 18 отбасын жоспарлау кабинеті жұмыс істейді, яғни олар әр емханада бар. Кез келген әйел кеңес алу үшін тегін жүгіне алады, ал кейбіреулеріне тіпті контрацептивтер беріледі.
Сонымен қатар облыс аумағында 8-800-080-81-50 анонимді сенім телефоны бар. 5 айда оған 114 адам жүгінген.
Сіздің реакцияңыз қандай?