Қарағандыда машина жасау зауыты өртеніп кетті

Апаттан зардап шеккендер жоқ.

Ақпан 26, 2024 - 11:53
Ақпан 26, 2024 - 12:02
Қарағандыда машина жасау зауыты өртеніп кетті
Фото: ҚР ТЖМ

 

Бүгін Қарағандыдағы машина жасау зауытының қоймасынан өрт шықты. Өрттің таралу аумағы шамамен 400 шаршы метрді құрады, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

ТЖМ мәліметінше, таңғы сағат 06:32-де А.Бөкейханов атындағы ауданда «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС аумағында цех шатырының ағаш тақтайшасы тұтанған. Тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстарына жеке құрамның 58 қызметкері және ТЖД-нің 16 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Сағат 08:22-де өрт оқшауланды, апаттан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Айта кету керек, Қарағандыдағы аталмыш зауыт тау-кен-шахта және байыту жабдықтарын, тау-кен-шахта жабдықтарының қосалқы бөлшектерін шығаруға маманданған Қазақстанның ең көне машина жасау кәсіпорындарының бірі саналады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow