Қарағанды облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Жүргізуші рульге ие бола алмай қалған.

Қараша 15, 2024 - 14:44
Қарағанды облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты
фото: ПД

Қарағанды облысында көлік апатынан 7 адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 10.00 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолында Құрма ауылының (2 шақырым жетпей) маңында болған.

«Алдын ала болжам бойынша Toyota Alphard жүргізушісі көлік тізгініне ие болмай аударылған. Көлік апаты салдарынан оқиға орнында жүргізуші және 6 жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған Қарағанды облысы ПД таратқан хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow