Талғар оқиғасы шиеленісе түсті, полиция отбасын тәулік бойы қорғауға алды

Қазан 12, 2024 - 12:12
Талғар оқиғасы шиеленісе түсті, полиция отбасын тәулік бойы қорғауға алды

Келіп түскен арызға сәйкес, 4 қазанға қараған түні Талғарда қаза тапқан 16 жастағы Шерзаттың отбасына арнайы қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.

12 қазанға қараған түні қайтыс болған жасөспірімнің ата-анасына қауіп төнді, түнде олардың үйі өртеніп кетті. Өрт  қасақана қойылған деген де күдік бар.

Тағы оқыңыз: Талғарда қылмыскерлердің қолынан көз жұмған Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті

«Отбасының тұрғылықты жерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етті»,  деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Полицейлер жерлеу рәсімінен кейін отбасы Талғар ауданында тұратынын қосты. Өрт Шерзаттың отбасы тұрып жатқан Еңбекшіқазақ ауданындағы Азат ауылында болды.

Бұған дейін кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімнің әкесі Қаржаубай Нұрымов біреулер отбасына қоқан-лоққы көрсетіп, қорқытып жатқанын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow