Ресейде Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті

Федералдық әуе көлігі агенттігінің мәліметінше, ұшақта 22 адам болған.

Тамыз 31, 2024 - 15:55
Тамыз 31, 2024 - 15:56
Ресейде Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті
Фото: Pixabay.com

Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне жедел қызметтер хабарлады.

«Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы діттеген жеріне келмеді деген хабар түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта үш экипаж мүшесі бар», - деп хабарлады ТАСС ақпарат көзіне.

Оның айтуынша, тікұшақты іздеу үшін әуе компаниясының тағы бір ұшағы көтерілген, тағы бір Ми-8 тікұшағы мен жердегі құтқару тобы бағыт бойынша жүруге дайын.

«Жоғалған тікұшақ Вачкажец жанартауы – Николаевка ауылы бағытымен жүрді. Қашықтық 25 шақырым», - деп атап өтті жедел қызмет өкілі.

Федералдық әуе көлігі агенттігінің мәліметінше, ұшақта 22 адам болған.

«Камчатка өлкесінде «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8Т тікұшағын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. <…> Тікұшақтың бортында алдын ала мәлімет бойынша 22 адам: 3 экипаж мүшесі және 19 жолаушы бар», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow