Сауд Арабияны қар басып қалды
Сауд Арабияда қар жауды. Бірнеше күн бұрын аймақтың кейбір бөліктеріне бұршақ аралас жаңбыр жауған.
Кейін бұршақтың арты қарлы жаңбырға ұласып, Солтүстік әл-Джуф аймағындағы шөлдің бір бөлігін қар басып қалған.
Khaleej Times ақпаратына сүйенсек, бұл маусымдық жабайы гүлдерімен танымал шөл алқаптарына ғана пайдалы. Көктемде мұнда лаванда, хризантема және басқа да хош иісті өсімдіктер гүлдейді.
Елдің бұл бөлігінде ауа температурасының бұлай төмендеуі сирек болатындықтан күзгі қар жергілікті тұрғындар үшін күтпеген жағдай болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?