Ресейдегі сайлаудың алғашқы қорытындысы шықты
Сайлау өткен күні Ресейдің әртүрлі қаласында халық наразылығын білдірді. Бірі сайлау жәшігіне сұйықтық шашса, енді бір қалада учаскеге газ шашып кеткен.
Ресейде президент сайлау аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы алдын-ала мәлімет бойынша, президент Владимир Путин 87%-дан астам дауыспен жеңіске жеткенін хабарлады, деп жазады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресми мәліметтер, Путин жалпы дауыстың 87,38% алып жеңгенін хабарлайды. Оның бәсекелестері жалпы дауыстың 13%-нан аз алған.
Алғашқы экзит-полдардың нәтижесі Мәскеу уақыты бойынша сағат 21:00-де жарияланды. Оның бәрі Владимир Путиннің сенімді түрде жеңіске жеткенін жария етті.
2018 жылы сайлауда сайлаушылардың 67,54% дауыс берген. Бұл жолы ресми билік дауыс берушілердің 74,22% сайлауға келгенін хабарлады.
Украинаның оккупацияланған облыстарында да Ресей билігі дауыс беруді ұйымдастырды. Батыс елдері оны бірнеше рет Украина егемендігін бұзу деп атады. Ресей армиясы алып жатқан Запорожье территорияларының, сондай-ақ Херсон, Донецк және Луганск облыстарының тұрғындары сайлауға қатысуға мәжбүр болды. Оларға қарулы әскерилердің сүйемелдеуімен комиссия мүшелері келген.
Алдыңғы сайлауда, 2018 жылы Владимир Путин 76,69% қорытынды нәтижемен жеңіске жеткен еді.
Сайлау өткен күні Ресейдің әртүрлі қаласында халық наразылығын білдірді. Бірі сайлау жәшігіне сұйықтық шашса, енді бір қалада учаскеге газ шашып кеткен.
Сіздің реакцияңыз қандай?