Перизат Қайрат Пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен босатылды
Перизат Қайраттың президент лауазымына тағайындалғаннан бері жұмыс орнында бірде-бір ресми жиналыс өткізбегені белгілі болды.
Күні кеше қайырымдылыққа жинаған 1,5 млрд теңгені қара басына жұмсады деп күдікке ілінген Перизат Қайрат Пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Перизат Қайрат ұсталып, тергеу жүргізілуіне байланысты федерация президенті лауазымынан босатылды. Бұл шешім 14 қараша күні федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданды. Перизат Қайрат федерация мүшелерінің хаттамалық отырысында президент қызметіне тағайындалды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол ұйымға ешқандай қатысы болмағанымен, пара үстел теннисін одан әрі дамыту және федерацияға қаржылай көмек көрсету мақсатында өз кандидатурасын ұсынған. Оның президенттік қызметі бір айдан сәл астам уақытқа созылды, бірақ осы уақыт ішінде оның басшылығымен бірде-бір кездесу немесе маңызды бастама болған жоқ», - деді федерацияның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Перизат Қайрат президент лауазымына тағайындалғаннан бері жұмыс орнында бірде-бір ресми жиналыс өткізбегені белгілі болды.
Айта кетейік, Перизат Қайрат BizBirgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі ретінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін елден қомақты қаражат жинап, оның 1,5 млрд теңгесін өзі иемденіп алғаны айтылуда. Тергеу мәліметінше ол бірнеше қымбат пәтер мен үш көлік алған.
Сіздің реакцияңыз қандай?