Мирзиёев Парижде сенсация жасаған өзбек спортшыларына пәтер, көлік және қомақты ақша сыйлады

Өзбекстан Олимпиада ойындарында командалық есепте 13-орынға тұрақтады.

Тамыз 13, 2024 - 11:37
Тамыз 13, 2024 - 11:48
Мирзиёев Парижде сенсация жасаған өзбек спортшыларына пәтер, көлік және қомақты ақша сыйлады

Ташкентте Париж-2024 XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алу және марапаттау рәсімі өттіОлимпиадада чемпион атанып, жүлдегер болған Өзбекстан спортшыларына сый-сыяпаттар табысталды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы aktualno.uz басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан үкіметі алтын медаль алған 8 спортшыға 200 мың АҚШ доллары көлемінде сыйлық, Chevrolet Tahoe автокөлігімен бірге 2 қабатты үй тарту етті.  Ал күміс жүлдегерге 100 мың доллар және BYD Song Plus EV Champion автокөлігі мен пәтер табысталды. Қола жүлде иегерлері де 50 мың доллар мен BYD  Song Plus DME Champion автөлігіне ие болды.  

Еске салсақ, Париж Олимпиадасында өзбек спортшылары 8 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде иеленген болатын. Осылайша, Өзбекстан алғаш рет Олимпиада ойындарында бейресми жалпы командалық есепте 13-орынға тұрақтады.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow