Ақтөбе облысында мектеп оқушысын өлтіріп кетті

Қыркүйек 4, 2024 - 12:13
Қыркүйек 4, 2024 - 12:14
Ақтөбе облысында мектеп оқушысын өлтіріп кетті
Фото: Pixabay.com

Ақтөбе облысындағы Темір ауданында мектеп оқушысын өлтіріп кеткен, — деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Басылым мәліметінше, оқиға 2 қыркүйекте Темір ауданындағы Кеңесту ауылында болған. Жанжал кезінде 9-сынып оқушысы екінші оқушыны өлтірген. Бұл жағдай сабақтан тыс кезде, түнгі уақытта болған.

Полиция департаменті мен прокуратура бұл дерекке қатысты әзірге ресми ақпарат бермеген.

Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан бұл жағдай бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Мерт болған оқушының да, күдікті оқушының да отбасы есепте тұрмаған.

3 қыркүйекте білім басқармасының жұмыс тобы ауылға келіп, балалар арасында тәртіпті және олардың қауіпсіздігін күшейту, буллингтің алдын алу бойынша шаралар қабылдаған көрінеді. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған.

Оқушылар арасындағы төбелес, жасөспірім өлімінің себеп-салдарын зерделеу жөніндегі жұмыс жұмыс тобы құрылды.

"Темір ауданы Қопа ауылында мектеп оқушылары арасында жанжал туып, төбелес болды. Соның салдарынан 9 сынып оқушысы қаза болды. Осы оқиға бойынша зерделеу жүргізу үшін Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы бастаған арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына облыстағы бала құқығы жөніндегі уәкіл де енгізілді. Жұмыс тобының қорытындысы шығарылғаннан кейін қосымша хабарланады. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тергеу басталды. Істің мән-жайы әзірге анықталған жоқ", - деді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow