«Құрттаған тамақ береді»: қоғам белсендісі мектеп асханаларындағы сұмдық жайттың бетін ашты (ВИДЕО)

Қазан 24, 2024 - 15:33
Қазан 24, 2024 - 15:34
«Құрттаған тамақ береді»: қоғам белсендісі мектеп асханаларындағы сұмдық жайттың бетін ашты (ВИДЕО)
көрнекі сурет

«Әділдік және өркендеу» қорының белсендісі Әсет Оңалбаев мектептерден жан түршігерлік кадрларды көрсетіп, білім басқармасының әрекетсіздігін сынға алды, деп хабарлайды Orda.kz.

Әсет Оңалбаев жақында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылы Кайыпов мектебі мен Ташкенсаз ауылының Абдулин мектебіне қатысты бейне жазба жариялады.

«Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылы Кайыпов мектебі мен Ташкенсаз ауылының Абдулин мектебінің асханасындағы оқушылардың ішіп отырған тамақтарының ішінен құрт шыққан деп ата - аналар айтып жатыр», — деп жазды Әсет Оңалбаев.

Оған дейін ол Түркістан облысы Сарыағаш ауданы С.Сейфулин атындағы интернаттың ас мәзірі талапқа сай келмейтіні жайлы бейнежазба жарияланды.

Ал бір апта бұрын ол Алматы облысы Қарасай ауданы Үштерек ауылының мектебінде төбесінен су аққан жерлерге қойып қойған шелектердің бейнежазбасын жариялаған болатын.

Белсендінің парақшасында басқа да мектептерге тексеріске барғандағы бейнежазбалар бар.

Бұған дейін прокуратура Ақмола облысындағы мектептерде өте көп санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзылғанын анықтаған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow