«Ұлы тұран» идеясы Ресейді жоюға арналған жаһандық жоба» - орыс саясаткері

«Ұлы Тұран» идеясы Түркияның жобасы. Оның артында өзге емес Англия тұр.

Мамыр 31, 2024 - 16:21
Мамыр 31, 2024 - 16:24
«Ұлы тұран» идеясы Ресейді жоюға арналған жаһандық жоба» - орыс саясаткері

Желіде орыс саясаткері, Ресей мемлекеттік думасының депутаты атышулы Михаил Делягиннің сұқбатынан үзінді тарап жатыр. Ол өз сұқбатында Ұлы тұран жобасын сөз етіп, оның астарында Ресейді империя ретінде жер бетінен жою идеясы жатқанын айтқан, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Ұлы тұран» идеясы жақсылықтың белгісі емес. Бұл Ресей империясын жоюға арналған жаһандық жоба. Себебі оның артында түрік халықтары тұр», - дейді ол.

Айтуынша, қазіргі Ресей аумағында тұратын түркі халықтары «Ұлы Тұран» идеясы аясында іргесін аулақ салып, бірігетін болса, Ресей құрдымға кетеді. Экономикалық және саяси әрі географиялық тұрғыда жоқ елге айналады. Расын айту керек, ресейдің негізін қазіргі түрік халықтары құрап отыр. «Ұлы Тұран» идеясы Түркияның жобасы. Оның артында өзге емес Англия тұр. Түркия шын мәнінде тәуелсіз, бірақ Англиямен өте тығыз байланыста», - дейді ол. 

Ол сонымен қатар бұл идеяның Түркияның президенті Ердоғанның жетікшілігімен баяғыда-ақ басталып кеткенін айтады. Оған дәлел ретінде түрік лицейлерін келтірген. «Күллі әлемде түрік лицейлерінен асқан мектеп жоқ деген түсініктің өзі осыны көрсетеді», -  деп атап өткен.  

Михаил Делягин қарапайым сарапшы ғана емес, ресейлік билікке ақыл-кеңес беруші, «аузы дуалы», саяси салмағы бар қайраткерлердің бірі саналады. Ресейдің алғашқы Б.Ельциннен бастап С.Игнатьев, А.Куликов, Б.Немцов, Ю.Маслюков, Н.Аксененко, Е.Примаков, М.Касьянов сияқты премьер-министрлер мен вице-премьерлердің кеңесшілері болғаны белгілі. Сонымен қатар ол Ресейдің сыртқы саясаты экономикалық экспансия болуы тиіс екенін әрі орталық Азия елдерін ашықтан-ашық бақылауда ұстау керек деген идеяның авторы екенін айта кету керек. Білетіндер Еуразиялық одақтың негізгі саясаты М. Делягиннің ұсынған экономикалық экспансиясы негізінде жұмыс жасайтынын айтады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow