Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады
ҚР Президентінің қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы өтті. Форумда Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жариялады. Бұл туралы Sadаqmedia.kz ақпарат порталы хабарлайды.
«Мен Жолдауда жұмысшы мамандық иелеріне, өнертапқыштар мен ғалымдарға құрметті атақ беруді ұсындым. Мемлекеттік марапаттар жүйесін 9 құрметті атақпен толықтыру жоспарланып отыр. Соның ішінде «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы бар. Бұл – елімізді өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне шынайы құрметтің белгісі. Қазір депутаттар тиісті заңдарға өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр.
Келесі жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы. Жыл бойы біз нағыз еңбек адамдарын жоғары деңгейде ұлықтайтын боламыз. Бұл қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу жылы болмақ», - деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?