Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға түсті
Композитордың жүрегі сыр берген.
Адвокат Ләззат Ахатова әлеуметтік желіде композитор Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға түсіп қалғанын хабарлады. Айтуынша, композитордың жүрегі сыр берген.
Ол Әнару Құрманәлі мен боксшы Жанқош Тұраровтың ісіне қатысты мән-жайды сұраған желі қолданушыларына жауап берді. Айтуынша, іс тергеліп жатыр.
«Қыздың әкесі Қалдыбек аға жүрегінен приступ беріп, қазір Алматыда ауруханада жатыр. Мен де тамыздан бері ауырып жүргем, соңында суық өкпеме өтіп кетіп, Шымда емханадамын. Сонда да байланысты үзбей, істі бақылауда ұстап отырмын. Алматыда Әнтай Әлімбекқызы деген тағы бір білікті адвокат әріптесіміз іске қосылды. Әкесі ауруханадан шыққан соң, Бас прокурордың қабылдауына жазылып, тергеудегі жағдайды жеткізбек», - деді қорғаушы.
Айта кетейік, Әнару Құрманәлі танымал боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?