Ақын Бақыт Кенжеев дүниеден озды
Нью-Йорктен қаралы хабар келді.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.
Министр Кенжеевтің кенеттен қайтыс болуына байланысты оның туыстарына көңіл айтты.
«Нью-Йорктен қаралы хабар келді. Қазақстанның белгілі ақыны Бақыт Кенжеев қайтыс болды. Бақыт Кенжеевтің поэзиясы мұхиттың екі жағында да танымал болды. Сөз шеберлігі Бақыт Шүкіроллаұлын әлемдік әдебиеттің классигіне айналдырды. Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тіліне, соның ішінде қазақ тіліне аударылды. Бақыт Кенжеевтің кенеттен қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», - деп жазды Балаева.
Сіздің реакцияңыз қандай?