12 жасар оқушы депутаттың күйеуінен жүкті болды

Қылмыс 2023 жылдың қараша айында Саудакент ауылында болған. Мектеп-интернаттың 12 жасар оқушысы аудандық мәслихат депутаты Галина Мороздың күйеуінен зорлық көріп, жүкті болған.

Қараша 15, 2024 - 15:17
12 жасар оқушы депутаттың күйеуінен жүкті болды

Жамбыл облыстық сотында 12 жасар қызды зорлау және жүктілікті заңсыз тоқтату ісі қаралды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қылмыс 2023 жылдың қараша айында Саудакент ауылында болған. Мектеп-интернаттың 12 жасар оқушысы аудандық мәслихат депутаты Галина Мороздың күйеуінен зорлық көріп, жүкті болған.

Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, ер адам қызды кемінде үш рет зорлаған. Бұл дерек Жаңатастағы ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) кезінде анықталды. Кейіннен қызға заңсыз түсік жасалды, бірақ ол операция жасаған дәрігердің жүзін көрмеген.

Депутат Галина Мороз бұл оқиғадан кейін күйеуімен ажырасатынын жария етті.

Бұл іс бойынша алғашқы үкім алты ай бұрын шыққан. Бас айыпталушы, 55 жастағы ер адам, жыныстық зорлық-зомбылық және педофилия үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, басқа да қатысушылар Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы: аса ауыр қылмыс туралы хабарламау, жүктілікті заңсыз тоқтату, қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру және оған жәрдемдесу бойынша кінәлі деп танылды

Сот үкімі бойынша:

Лаура Нұрмаханова, мектеп-интернат директоры, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мектеп директорының орынбасары, психолог және медбике — кәсіби қызметпен айналысуға тыйым салынып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еркебұлан Қожабеков, дәрігер-гинеколог, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот ісі жабық режимде өтті, сондықтан қосымша мәліметтер жарияланбады.

Кейінірек мектеп оқушысына заңсыз түсік жасатқан сотталған дәрігердің адвокаттары шағым түсірді. Қожабеков үкімді жеңілдетуге қол жеткізіп, түрме жазасы бостандықты шектеуге ауыстырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow