«Қыз болғанша тоқтамаймыз»: Тәуекел Мүсілім қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Қазан 21, 2024 - 17:25
«Қыз болғанша тоқтамаймыз»: Тәуекел Мүсілім қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Танымал актер Тәуекел Мүсілім Лос-Анджелесте отбасымен бірге гендер пати өткізді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі отбасын алып, АҚШ-қа аттанған еді. Жақсы жаңалықты әйелі Махаббат жариялады. 

“Аллаға сансыз шүкірлік болсын! Үш бар жерде күш бар. Біздің үшінші бөпеміз де батыр болады. Алақай!”, – деп жазды блогер келіншек. 

Отандық киножұлдыз да құттықтап жатқан жандарға алғыс білдіріп, қызды болғысы келгенін де жасырмады. 

“Қыз болмағанша тоқтамаймыз! Әрине, қалжың ғой. Сәл үзілістен кейін тағы ұмтылып көреміз”, – деп әзілдеді актер. 

Еске салайық, Тәуекел Мүсілім әскердегі әлімжеттікке қатысты ойын бөлісіп, ұлдарын әскерге жібермейтінін айтқан еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от М а х о н я ???? (@mahonti__)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow