«Табыт сияқты»: Жаркентте 50 жасқа толған адамды қорапқа салып, көтеріп шыққан (ВИДЕО)

Желі қолданушылары мұндай әрекет «ұят» екенін жарыса жазған.

Шілде 1, 2024 - 20:47
Шілде 1, 2024 - 21:51
«Табыт сияқты»: Жаркентте 50 жасқа толған адамды қорапқа салып, көтеріп шыққан (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Желіде Жаркенттегі тойдың видеосы тарады. Бейнежазба мерейтой өткен мейрамхананың әлеуметтік желісінде жарияланған.

Қанат есімді адамның 50 жасы биыл 30 сәуір күні тойланғаны белгілі болып отыр. Әлеуметтік желідегі видеоның иесі публикацияға пікір жазу функциясын өшірген.

Алайда видеоны өзге әлеуметтік желілер көшіріп, таратқан. Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

«Мына кісінің үрім-бұтағында жанашыр кісі болмаған ба? Биіктен көріну деп осыны айт. Мына көрініс өте ұят екен, 50-ге келіп, жұртқа күлкі болғаны ұят болды. Бала кезінде жәшікке көп тығылып ойнаған-ау. Табыт сияқты ғой. Ертедегі патшалардай. Тойға несие алған шығар. Елуге келсе де, ес кірмеген. Дарақылық», - деп жазған көпшілік.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ресторан "Ясмин" (@restourant_yasmin)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow